"Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп" КММ Петропавл қ.
Ресми интернет-ресурс
"Школа зажигает звёзды"

"Школа зажигает звёзды"

"Школа зажигает звёзды" атты іс шарасы "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің ең жарқын және көптен күткен дәстүріне айналды.Бұл күні мектепте ерекше, шабыттандыратын атмосфера болды. Мереке "Единство" Қамқоршылық кеңесінің мүшелерін, оқушыларын, педагогтарын, ата-аналары жинап, жетістіктердің, дарынның және қажырлы еңбектің нағыз салтанатына айналды. Кеңес мүшелері оқу үздіктеріне сыйлықтар мен мақтау қағаздарын, "Лучший класс года" атты номинациясы бойынша грамоталарды мақтанышпен табыс етті. 2025 жылы бұл құрметті атаққа 10 "А", 4 "Б" және 6 "Г"сыныптары ие болды.Олардың әрқайсысына күш-жігерін, белсенділігі мен ұжымның бірлігін мойындау үшін вымпел мен сыйлықтар табыс етілді. Іс-шарада "Вторая жизнь" атты мектеп экопроектісі де маңызды орын алды, оның аясында ең бастамашыл сыныптар атап өтілді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар мен сыйлықтарға ие болды, ал жобаның барлық қатысушылары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды.Әр түрлі деңгейдегі мектептің намысын қорғағандар да назардан тыс қалмады. Салтанатты жиында қалалық, облыстық және республикалық олимпиадалардың, конкурстар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған оқушылар марапатталды. Олардың жетістіктері мұғалімдер мен ата-аналардың ерекше мақтанышына себеп болды.Ата — аналарға мектеп өміріне белсенді қатысқаны, бастамаларды қолдағаны және табысты және жауапты оқушыларды бірлесіп тәрбиелегені үшін алғыс хаттар ұсынылды."Школа зажигает звёзды" - бұл жай ғана мереке емес. Бұл әркім өзімен бірге жүрегіне жеткізетін мойындаудың, ризашылықтың және шабыттың символы.