Петропавл қаласындағы «Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» КММ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің Үлгілік қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі м.а-сының 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен бекітілген №2 қосымшаға сәйкес Қамқоршылық кеңесті құру және оның құрамына ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды.
Кандидаттар Комиссияға келесі құжаттарды ұсынады:
-
еркін түрде жазылған өтініш;
-
кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
-
қазақ немесе орыс тіліндегі түйіндеме;
-
білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
-
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Кандидаттар кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсына алады.
Қамқоршылық кеңес құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 14-үй, мектептің қабылдау бөлмесінде қабылданады.
Анықтама үшін телефон: 46-23-88
Электрондық пошта: