Бірінші тоқсанның басында мектепте сыныптардың ата-аналар комитеттерінің төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті.Ата-аналар мектептің материалдық-техникалық базасының жай-күйі, жаңа оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы ақпаратпен танысты. Ата-аналар жиналысының спикерлері: кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшысы Е. Н.Завьялова болды, ол ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындамағаны, кәмелетке толмағандарға қатысты қатыгездік үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігіне баса назар аударды; полиция капитаны Д. Е. Мұқанова мектепте қорқыту мәселелері бойынша түсініктеме берді. Жиналыста сондай-ақ: "Адал Азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы қаралып, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тұстарына шолу жасалды. Қорытындысында жалпы мектептік ата-аналар комитетінің жаңа құрамы сайланды.
Жаңалықтар





