"Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп" КММ Петропавл қ.
Ресми интернет-ресурс
"Дені сау отбасы-болашақтың тірегі"

"Дені сау отбасы-болашақтың тірегі"

Отбасы күнін мерекелеу аясында " Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп "КММ — де "Дені сау ұрпақ" ұранымен "Дені сау отбасы-болашақтың тірегі" атты спорттық іс-шара өткізілді.Мақсаты: балалар мен ата-аналардың бірлескен спорттық іс-шараларға деген қызығушылығын қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, белсенді ойындар мен жарыстар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау. Іс-шара "Көңілді старттар" атты спорттық эстафетасы түрінде өтті, оған 4 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Қатысушылар эстафеталарда, байқауларда ептілік, жылдамдық және бірлікке бақ сынасты. Командалық өзара әрекеттесуге және бір-бірін қолдауға ерекше назар аударылды.Іс-шара барысында қатысушылар отбасының денсаулығы мен оның бірлігі өскелең ұрпақты тәрбиелеумен тікелей байланысты екенін көрсетті.Отбасылардың спорттық жарыстарға қатысуы арқылы мықты, белсенді және табысты ұрпақты тәрбиелеудің негізі ретінде салауатты өмір салтының маңыздылығы атап өтілді. Өйткені, дені сау отбасы-болашақтың берік тірегі және "Дені сау ұрпақты" қалыптастырудың кепілі.