Меню KDT

logo.png?_=1659424315

"Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2 орта мектеп" КММ
Петропавл қ.
  • kz
  • ru
  • en
  • Хабарлар

    21 наурыз күні Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектепте Көктем келу мерекесі, жер бетіндегі барлық тіршіліктің қайта туылатын күні-Наурыз мерекесі өтті.


    21 наурыз күні Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 2 орта мектепте Көктем келу мерекесі, жер бетіндегі барлық тіршіліктің қайта туылатын күні-Наурыз мерекесі өтті. Мектеп аумағында керемет концерт ұйымдастырылды, оған педагогтардан басқа, оқушылар мен олардың ата-аналары да белсенді қатысты. Мектеп директоры Сачкова Антонина Геннадьевна жылы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды көктемгі жаңару күнімен құттықтады. Сондай - ақ, қонақтарды Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты және "Бірлік"Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ольга Геннадьевна Клишина құттықтады.Мерекелік бағдарламаға ұлттық ойындар енгізілді, олардың жеңімпаздары грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды. Бұл жүлделерді Т. М. Хамзин ұйымдастырды және ұсынды.Педагогтар мен оқушылардың ата-аналары дайындаған үстелдер Қазақстан халықтарының алуан түрлі  тағамдарына толы болды. Қонақтар қазақ, орыс, әзірбайжан, өзбек және татар тағамдарынан дәм татты.Әз Наурыз мерекесін мерекелеу барлық қатысушыларға  үлкен қуаныш, көңіл күй, позитив сыйлады.

    21.03.2024
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки