«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 19.12.2024
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 21.10.2024
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 09.09.2024
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 20.05.2024
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 17.03.2024
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 21.01.2024
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 26.10.2023
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 09.09.2023
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 19.05.2023
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 17.03.2023
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 21.12.2022
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 26.10.2022
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 09.09.2022
«Адал Ұрпақ» клубы отырысының хаттамасы 07.03.2022«Парасатты азамат» үнемі жаңартылып отыратын бұрыш.
9 ақпанда Zoom платформасы арқылы ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі:
1. 0-11 сыныптардың ОТҮ ұйымдастыру;
2. Ыстық тамақты ұйымдастыру;
3. Нормативтік-құқықтық актілермен танысу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң; педагог мәртебесі туралы Заң; педагогикалық әдеп қағидалары;
4. Психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысы туралы.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары
4 ақпан күні "Адал Ұрпақ"клубының онлайн-кездесуі өтті. Жиналысты өткізу барысында Адал Ұрпақ ұйымының қызметін 3 тоқсанда ұйымдастыру, сондай-ақ алдағы іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.
1-5 ақпан аралығында 1-11 сынып жетекшілері " STOP-жемқорлық!" атты тақырыпта оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу мақсатында біріңғай сынып сағаттарын өткізді.
9 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 7-9 сынып оқушылары арасында Жас суретшілер конкурсын өткізді. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында өткізілді. Біздің мектептен "Адал Ұрпақ" клубының мүшелері 7 "А" және 9 "Б" сынып оқушылары қатысты.
"Адал Ұрпақ" клубының мүшесі, 9 "Б" сынып оқушысы Екатерина Полукееваның жұмысы Петропавл қаласының 20 үздік жұмысына кірді. Ол Алғыс хатпен марапатталды.
Екатеринаны құттықтаймыз және оған шығармашылық табыс тілейміз!
9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.
9 желтоқсан қарсаңында біздің мектепте Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған оқушылардың суреттер көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру болды.
Параева Дарья 7 «А»
Коряковская Вероника 9 «Б»
Углов Никита 9 «Б»
Полукеева Екатерина 9 «Б»
Қазанның 12 күні сынып жетекшілері "Ақшаны қалай үнемдеуге болады?" деген тақырыпта 1-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Мақсаты: ақшаның шығу тарихымен таныстыру, ақша көздерінің құндылығын түсіну, күнделікті тұрмыста ақшаны рационалды жұмсап үйрену болып табылды.
"Адал Ұрпақ" клубының мүшелері 4 "В" сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі А. Н. Гавришевамен бірге, жалпыадамзаттық құндылықтар күні аясында Интернет-көрермендерге "Біз сыбайлас жемқорлыққа: КЕТ!" деген театрлық челленджді ұсынды. Көркем түрде балалар "Пара" деп аталатын қылмыстың мәнін ашып, елдің балаларына адал өмір сүруге шақырды!