«Парасатты азамат» үнемі жаңартылып отыратын бұрыш.
9 ақпанда Zoom платформасы арқылы ата-аналар комитеттерінің өкілдерімен ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібі:
1. 0-11 сыныптардың ОТҮ ұйымдастыру;
2. Ыстық тамақты ұйымдастыру;
3. Нормативтік-құқықтық актілермен танысу: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң; педагог мәртебесі туралы Заң; педагогикалық әдеп қағидалары;
4. Психологиялық-педагогикалық қызметтің жұмысы туралы.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар комитетінің төрағалары
4 ақпан күні "Адал Ұрпақ"клубының онлайн-кездесуі өтті. Жиналысты өткізу барысында Адал Ұрпақ ұйымының қызметін 3 тоқсанда ұйымдастыру, сондай-ақ алдағы іс-шаралар туралы мәселелер қаралды.
1-5 ақпан аралығында 1-11 сынып жетекшілері " STOP-жемқорлық!" атты тақырыпта оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу мақсатында біріңғай сынып сағаттарын өткізді.
9 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 7-9 сынып оқушылары арасында Жас суретшілер конкурсын өткізді. Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, қазіргі жағдайда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында өткізілді. Біздің мектептен "Адал Ұрпақ" клубының мүшелері 7 "А" және 9 "Б" сынып оқушылары қатысты.
"Адал Ұрпақ" клубының мүшесі, 9 "Б" сынып оқушысы Екатерина Полукееваның жұмысы Петропавл қаласының 20 үздік жұмысына кірді. Ол Алғыс хатпен марапатталды.
Екатеринаны құттықтаймыз және оған шығармашылық табыс тілейміз!
9 желтоқсан – халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.
9 желтоқсан қарсаңында біздің мектепте Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған оқушылардың суреттер көрмесі өтті.
Көрменің мақсаты оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру болды.
Параева Дарья 7 «А»
Коряковская Вероника 9 «Б»
Углов Никита 9 «Б»
Полукеева Екатерина 9 «Б»
Қазанның 12 күні сынып жетекшілері "Ақшаны қалай үнемдеуге болады?" деген тақырыпта 1-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Мақсаты: ақшаның шығу тарихымен таныстыру, ақша көздерінің құндылығын түсіну, күнделікті тұрмыста ақшаны рационалды жұмсап үйрену болып табылды.
"Адал Ұрпақ" клубының мүшелері 4 "В" сынып оқушыларымен және сынып жетекшісі А. Н. Гавришевамен бірге, жалпыадамзаттық құндылықтар күні аясында Интернет-көрермендерге "Біз сыбайлас жемқорлыққа: КЕТ!" деген театрлық челленджді ұсынды. Көркем түрде балалар "Пара" деп аталатын қылмыстың мәнін ашып, елдің балаларына адал өмір сүруге шақырды!