2026 жылдың 10 қыркүйегінде мектептің акт залында бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу «Сапаны сақтау» өңірлік жобасын іске асыру бойынша сабақтастық онкүндігі аясында өтті және «Сабақтастық және бейімделу: бесінші сынып оқушыларын табысты оқытуға жол»атты негізгі тақырыпқа арналды.Бастауыш мектептен негізгі орта білім беру буынына көшу-әрбір оқушының өміріндегі жауапты кезең.Бейімделу процесі барынша ыңғайлы өтуі үшін жиналыстың күн тәртібіне мектеп өмірінің барлық салаларына қатысты сұрақтар енгізілді: оқыту режимі мен оқу жүктемесі, тәрбие жұмысы және үйірме қызметі, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру шеңберіндегі ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылы, оқушылар үшін ыстық / буфеттік тамақтануды ұйымдастыру және жасөспірімдер денсаулығының ерекшеліктері және созылмалы аурулардың алдын алу.Ата-аналар толғандыратын сұрақтарына толық жауап алды.
Отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы-әрбір бесінші сынып оқушысын табысты оқытудың, денсаулығын сақтаудың және жайлы бейімдеудің КЕПІЛІ!
