Меню KDT

logo.png?_=1691034697

КГУ «Средняя школа №2 имени Смагула Садуакасулы»
г. Петропавловска
  • kz
  • ru
  • en
  • Новости

    Министр образования и науки Республики Казахстан Асхат Аймагамбетов поздравил учащихся с началом нового учебного года



    Қымбатты балалар! Құрметті ата-аналар! Әріптестер!

    Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
    Оқу жылының басын әрқашан жаңа үміттермен, бастамалармен, шығармашылық ізденістер және жаңашылдықтарға ұмтылумен байланыстырамыз!
    Мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған еліміздің ең жас азаматтарына білімге ғажайып жол ашылады. Биыл 400 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.
    Ал, болашақ түлектер үшін жаңа оқу жылы – мамандық және өмір жолын таңдау жылы.
    Жаңа 2019-2020 оқу жылында республикада 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінде 3 млн. –нан астам оқушы өз оқуларын жалғастырады.
    Біз әлемнің барлық жетекші елдерінің қол жеткізген жетістіктерінің іргетасы - білім есебінен салынған экономика екенін көріп отырмыз. Білім - ілгерілеу және барлық инновацияның қозғаушы күші.
    Адами капитал мен елдің бәсекеге қабілеттілігін дамытудағы білім саласының маңызды рөлін белгілей отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөледі.
    Сондықтан да, біз білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу жолында алдымызға мақсат, міндеттерді қойып, оларды бірлесе шешеміз. Белгіленген межеге қол жеткізу жолындағы әрбір қадам маңызды және құнды болатындығы сөзсіз.
    Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жасалған "Педагог мәртебесі туралы" Заңы педагог мамандығының беделін арттыруға жаңа серпін береді. Ендігі кезекте ұстаздардың мәртебесін жоғарылатуға бағытталған жаңа Заң Үкіметте мақұлданып, Қазақстан Республикасының Парламентіне халық қалауыларының қарауына жіберілді.
    Әрбір адамның тағдырында ақылды, мейірімді және білім саласына жан-тәнімен берілген мұғалім маңызды рөл атқарады. Әрқайсымыз бізге үлгі болған мұғалімді есімізде сақтап, оны мақтан тұтамыз.
    Құрметті достар! Құрметті әріптестер! Жаңа оқу жылы жемісті жұмыстар мен жаңа жеңістерге толы болсын!
    Шығармашылық табыс, мықты денсаулық, кәсіби шеберлік және жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

    Дорогие дети! Уважаемые родители! Коллеги!
    Поздравляю Вас с началом нового учебного года!
    Начало учебного года всегда связано с новыми ожиданиями и начинаниями, стремлением к творческим поискам и открытиям!
    Для самых юных граждан нашей страны, впервые переступившим порог школы, откроется удивительная дорога к знаниям. Впервые сядут за парты более 400 тыс. первоклассников.
    В новом 2019-2020 учебном году более 7 тыс. государственных школах республики продолжат обучение более 3 млн. учащихся.
    Мы видим, что фундаментом успеха всех ведущих стран мира стала экономика, построенная на знаниях. Знания являются двигателем прогресса и всех инноваций.
    Пристальное внимание системе образования уделяет Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев, обозначая ее важнейшую роль в развитии человеческого капитала и конкурентоспособности страны.
    Именно поэтому мы ставим перед собой амбициозные цели и задачи по достижению высокого качества образования. И решать их мы будем вместе.
    Инициированный нашим Елбасы Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым Закон «О статусе педагога» даст новый импульс в повышении престижа профессии педагога. Закон, предусматривающий повышение статуса учителей, одобрен Правительством и направлен в Парламент Республики Казахстан.
    Мы с особым трепетом говорим о том, что трудно переоценить роль умного, доброго, преданного делу учителя в судьбе каждого человека. Каждый взрослый помнит своего учителя, ставшего для него примером для подражания, гордится им.
    Особенно хочу отметить роль родителей в обучении и воспитании детей.
    От заинтересованности, мотивированности и совместных усилий родителей, учащихся и учителей зависит успех ежедневных учебных достижений школьников.
    В новом учебном году пусть каждый ребенок раскроет свои индивидуальные способности и таланты, а педагоги и родители поддержат и помогут им в этом.
    Дорогие друзья! Уважаемые коллеги! Пусть новый учебный год будет насыщен плодотворной работой и принесёт радость новых побед всем!
    Творческих Вам свершений, крепкого здоровья, профессионального мастерства и успехов в работе!

    04.09.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки