Меню KDT

logo.png?_=1691034697

КГУ «Средняя школа №2 имени Смагула Садуакасулы»
г. Петропавловска
  • kz
  • ru
  • en
  • Новости

    Латын әліпбиіне көшу –заман талабы


    Латын әліпбиіне көшу –заман талабы

    Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.   Жазудың маңызы бұрынғыдан бірнеше есе өскен заман. Сондықтан, әлемдегі елдердің басым бөлігі, соның ішінде туыстас  түркі  халықтары қолданатын латын әліпбиіне көшу – жаһандану дәуіріндегі рухани жаңғырудың алғашқы да маңызды сатысы болмақ.

        Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі.  Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері

         Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді.  Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

        Латын әліпбиіне көшу біз үшін яғни қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері үшін маңызы зор іс болып саналады. Қазіргі  заман оқушылары ағылшын тіліне жақын, сондықтан  латын әліппіне үйрену қиындық туғызбайды деп санаймыз.

    «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»  дегендей бәріміз бірігіп латын  әліпбиіне көшуге ат салысайық.

     

    «№2 орта мектеп» КММ 

    қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері 

    20.02.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки